Алматылық «Қайрат» «Брюггемен» бақ сынасады

Бір сағаттан кейін Астана Аренада футбол тойы басталады. Алматылық "Қайрат" Бельгия чемпионы – "Брюггені" қабылдайды. Чемпиондар Лигасы Жалпы кезеңінің 7-і туры Рафаэль Уразбахтин шәкірттері үшін өз алаңындағы соңғы кездесу. Осы ойыннан кейін Қайрат Лондонға аттанып, осы еуромаусымда бірде-бір жеңіліс тауып көрмеген «Арсеналмен» бақ сынасады. Күннің суығына қарамастан стадионға жиналған жанкүйердің қарасы қалың. Дәл қазір әріптесім Еркелді Тілеуқұл соңғы ақпараттармен бөлісуге әзір тұр. Еркелді "Қайратта" ұпай алуға мүмкіндік бар ма?

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

Қайырлы кеш, Лаура! Иа жанкүйерлер әлі де стадионға ағылып жатыр. Ойын кезінде ине шаншар жер болмайтын секілді.

Сарапшылардың пікірінше, Қайрат үшін ұпай алудың соңғы мүмкіндігі. Сол кезде алматылық ұжым соңғы орыннан көтеріліп, испандық Вильяреалды артқа тастайды. Екі ұжымда да бір ұпайдан бар. Ал, бүгінгі қарсыласымыз 4 ұпаймен 31-і орында. Брюгге 19 дүркін Бельгия чемпионы. Еуропа Чемпиондар Кубогі мен УЕФА кубогінің финалында өнер көрсеткен. Бір өкініштісі, осы ойында алматылықтардың басты жұлдызы – Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты ойнай алмайды. Одан бөлек, Олжас Байбекті де бүгін алаңнан көре алмаймыз. Бірақ жанкүйерлер үмітін үзбейді. Команданы соңына дейін қолдаймыз деп отыр.

БЛИЦ:
1. Менің ойымша счет 3-2 болады ау, Қайраттың пайдасымен, өзім Қайратқа бұрыннан бері болеть етем, осы Алматыдан келе жатырм,сол бүгін Қайрат ұтады деп ойлағам, Астана жаман суық екен.
2. Лига чемпионов басталғаннан жанкүйермін, бүгін счет 2-1 болады деп ойлаймын, Громыко, Адриано гол салады деп ойлаймын.
3. Соңғы кезде Зари кетті, Сатпаев қазір мини травмада, енді күтетінім сол Эдмилсон бар,Рикординьо бар, енді Жоржиньо бар, осы үшеуінің біреуі гол соқса сол жақсы жаңалық болушы еді.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында маусым аяқталғандықтан, трансферлік терезе де ашық. Ел чемпиондарының қатарынан бірнеше ойыншы кетті. Отандық қақпашы Александр Заруцкий, Ақтөбе сапына ауысса, ортада ойқастаған израильдік Офри Арад және грузиялық Георги Зариямен жуырда келісімшарт мерзімі аяқталды. Дегенмен, алматылықтардың сапы финдік КУПС-тан Яакко Оксанен, бразилиялық Лукас Африко мен аргентиналық Себа Себальоспен толықты.

ЕРКЕЛДІ ТІЛЕУҚҰЛ, ТІЛШІ:

Бірақ шарт бойынша команда сапына қосылған ойыншылар әзір көмектесе алмайды. Қайраттықтар бүгін академияның түлектеріне мүмкіндік беріп, жастарға сенім артады. Лаура әзірге мендегі ақпарат осы.