"Қазақстан Темір Жол" ұлттық компаниясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Белгілі болғандай, 2025 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша өзбек бағытында айтарлықтай өсім тіркелді. Өзбекстан Республикасымен жүк тасымалының көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 16% артты.
Бұл ретте Өзбекстанға астық тасымалдау көлемі 32% артып, 4,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.
"2025 жылдың қорытындысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша барлығы 319,9 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5% артық. Экспорттық тасымалдау көлемі 7,1% ұлғайып, 89,2 млн тоннаға жетті", – делінген хабарламада.