Атырауда әуесқой балықшылар сынға түсті

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2026

Атырауда әуесқой балықшылар арасында топтық жарыс өтті. Саршұнаяқ аяз бен бет қаритын ызғарға қарамастан  жарысқа қатысушылар да, көрермендер де көп болды. Жарыс шарты - баршаға ортақ. Сырттан ауланған балық әкелген  және  рұқсат етілмеген әдісті қолданған командалар бірден шеттетілді. Додаға  21 командадан 63 адам қатысты. Арасында көрші  келгендер де бар.

ЕРМЕК ҚАДЫРОВ, ӘУЕСҚОЙ БАЛЫҚШЫ:

Орал қаласынан келіп отырмыз. 500 шақырымды артқа тастап. Керемет шара өтіп жатыр. Қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Қазіргі таңда таңда балық аулап жатырмыз. Ең бастысы қысқы уақытта төзімділік шығар. Екіншіден ол сабырлылық. 3-4 сағат бойы балық күту үшінде төзім керек.

АСЛАН ОМАРОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Мақсатымыз – спорттық балық аулау мәдениетін дамыту. Жаңа өскелең ұрпаққа және балықшыларға жақсы дұрыс балық аулауды насихаттау. Жалпы ойынның шарты тұрп балықтарын қармақпен аулай отырып, кімнің киллограмы көп болады, кім көп ұстайды соларға ұтыс дайындалған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар өңірдің табиғи байлығын насихаттауға, экотуризмді дамытуға және балық аулауды белсенді демалыс түрі ретінде кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халық арасында  балық аулау мәдениетін қалыптастыруға да оң әсер етеді.Жеңімпаздарға балық аулауға қажетті құрал-саймандар сыйлыққа берілді. Сондай-ақ, бірінші болып қармағы қапқан және ең үлкен балық ұстаған топтар да арнайы номинациялармен марапатталды.