Жамбыл облысында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран болады, ал күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Облыстың батысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында қатты аяз болып, ауа температурасы 20–22 градусқа дейін төмендейді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17–22 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қаласында да тұман болады.
Абай облысында Жарма ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады.
Қызылорда облысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соғатын жел күндіз облыстың орталығында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының батысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысында күндіз батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел күндіз облыстың шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ болады. Қонаев қаласында да түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында төменгі боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Көкшетау қаласында түнде тұман болады.