«Қазақстанның жер қойнауы»: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монетасын шығарды

Фото: ҚР Ұлттық Банкі

Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясымен жаңа коллекциялық монетасын сатылымға шығарды. Монета «Zn (Мырыш)» деп аталады.

Жаңа монета 925 сынамалы күмістен жасалған, мырыш қондырмасы бар. Салмағы – 32,5 г, диаметрі – 38,61 мм.  Таралымы - 2 000 дана. Ал номиналы 1 000 теңге.