Елордалық құтқарушылар көпқабатты үйде 30 адамды эвакуациялады

Бүгін Сарыарқа ауданында, Щорс көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын кешенінде 5-қабаттағы пәтерде өрт шықты.

Жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.

Өрт 20 минутта 5 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.