Балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін. Заң жобасы талқылауға шығарылады. Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстары ескерілген. Бұл бастама балалардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыруды мақсат етеді. Аида Балаеваның айтуынша, заң жобасы балалардың психологиялық денсаулығын қорғауға, зиянды контенттің таралуын шектеуге және кибербуллингтің алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар халықтың медиасауатын арттыруға да басымдық берілмек.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Халықтың медиасауатын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады.