Дербес деректерді жаппай таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек. Жеке ақпаратқа жауапсыз қараудың кез келген фактісі заңның бар қатаңдығымен жазалануы тиіс. Өйткені адамның жеке өміріне қатысты конституциялық құқығын іске асыру үшін бұл аса маңызды.  Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин дербес деректерді жаппай таратқандарға ауыр айыппұл салынатынын ескертті.

РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 АЕК-ке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен, қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз.