Қазақстан OPENAI EDU FOR COUNTRIES халықаралық бағдарламасының алғашқы легіне қосылды

Фото: gov.kz

OpenAI компаниясы OpenAI for Countries жаһандық бағдарламасы аясында Edu for Countries бастамасының алғашқы халықаралық легі іске қосылғанын жариялады. Бағдарламаға қатысушы елдердің алғашқы құрамына Қазақстан, Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания және Грекия енді.

Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы жасанды интеллектінің білім беруге арналған арнайы нұсқасы – ChatGPT Edu жүйесін ұлттық білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізудің басталуын білдіреді. Қазақстан аталған халықаралық бағдарламаға қатысқан Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанды.

Жоба 2025 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына жасаған ресми сапары барысында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында қол жеткізілген келісімдер негізінде іске асырылады.

 Қазақстанда ChatGPT Edu жүйесін енгізу аясында елдің білім беру ұйымдарына 165 000 лицензияны тегін беру көзделген.