Ауыр жағдайдағы нәресте тікұшақпен жеткізілді

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ тікұшағы нәрестеге шұғыл медициналық тасымалдау жасады.

«Қазавиақұтқару» әуе кемесі Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан Атырау қаласына ауыр жағдайда жатқан 2025 жылы туған нәрестені жедел түрде медициналық тасымалдауды жүзеге асырды.

Экипаждың жедел әрекеттері мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті.

 Атырауға қонғаннан кейін кішкентай пациент бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылып, одан әрі облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.