Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргендер елге айыппұлсыз орала алады

фото: pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін елден кете алатынын еске салды.

Ерікті түрде елден шығу бағдарламасы бойынша, оларға айыппұл және қайта кіруге тыйым салынбайды. Ол үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде берілуі керек.

Министрлік қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады.