101 пультіне Ақсу қаласы Беловка ауылында жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел келген өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің шатырының ағаш құрылымдарын сөндіруге кіріскен.
Өрт сөндіру барысында 6 адам, оның ішінде 5 балал эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.