Шымкентте бойжеткеннің өлімінен кейін өз қызметіне селқос қарады деген күдікпен полиция қызметкерлеріне қылмыстық іс қолзғалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
- Осы дерек аясында өз қызметіне селқос қарау белгілері бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ол бойынша тергеу амалдарын ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастады. Атап айтқанда, қылмыстық істі тіркеу және күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті шаралар қолданбаған полиция қызметкерлеріне қатысты болады, - деді С. Әділов.