ChatGPT Edu құралы қауіпсіз және басқарылатын форматта енгізіледі

Фото: iet.ucdavis.edu

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша, бұл құрал академиялық адалдықты қатаң сақтай отырып, оқытушының жүктемесін азайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

«OpenAI компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум аясында мектептер мен жоғары оқу орындарының 165 мың педагогіне тегін лицензиялар беріледі. Бұл қазақстандық педагогтерге есептер дайындау, тапсырмаларды тексеру сияқты жұмыстарды автоматтандыруға, студенттер үшін оқу жоспарлары мен материалдарын дербестендіруге, деректерді талдау және құжаттарды түйіндеудің кеңейтілген функцияларын пайдалануға, өз курстары үшін кастомизацияланған AI-ассистенттер мен чат-боттар құруға мүмкіндік береді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Оның айтуынша, құралды енгізу педагогикалық акселератор рөлін атқарып, қысқа мерзімде елдегі оқыту әдістемелерін жүйелі түрде жаңартуға және педагогтердің өздерін жаңа AI-парадигма жағдайында жұмыс істеуге дайындауға жол ашады.