Көлік қозғалысына шектеу қойылды

фото: pixabay

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 

Жамбыл облысы:- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).

Түркістан облысы:- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).

«ҚазАвтоЖол» ақпаратынша, жолды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.