Алматы қаласының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында қозғалыс бұзылысы бар 15 жастағы науқасқа миды терең ынталандыру бойынша жоғары технологиялық операциясы сәтті жасалды. Оған сирек кездесетін генетикалық ауру - 1 типті дофа-сезімтал дистония диагнозы қойылған.
Операция кезінде терең электродтарды стереотактикалық екі жақты имплантациялау жүргізілді. Бұл операция Алматы қаласында алғаш рет жасалды. Нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, қозғалыс белсенділігі қалпына келе бастады.