Батыс Қазақстан облысында 200-ге жуық елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан

Батыс Қазақстан облысында 200 ге жуық елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл  аумақтар ерекше бақылауға алынды. Төтеншеліктер қазір қар шығару, бөгет нығайту, су өткізу құбырларын салумен айналысуда. Өзге өңірлерде де  тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодарда көктемгі су тасқынына дайындық шаралары басталды.  Мамандар қауіптің алдын алуға сақадай сай екендерін айтады.

22 елдімекенде  36 су өткізу құбыры орнатылып, 156 шақырым болатын қорғаныс бөгеті салынды.

АЙГЕРІМ БОЛАТ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

Жергілікті жерлерде техникалық дайындыққа ерекше назар аударылды. Арнайы техникамен толықтырылды. Тереңкөл, Успен және Май аудандарында тіркемелі дизелді мотопомпалар сатып алынды.

Баянауылда 17 ауылды қарғын судан қорғайтын  су жинау  қоймасы салынды. Тасқынға тосқауыл қоюға 796 техника мен 21 қайық, 357 мотопомпа әзірленді.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Әкімдікте төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Жиында  тасқынға дайындық жұмыстары пысықталды. Өзге өңірлерде де тасқынның алдын алу шаралары басталған. Оны әріптестерім толығырақ жеткізеді.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Былтыр тасқын судан әбден  зардап шеккен Атырау облысында  да  жауапты мамандар табиғат тағы қандай тосын сый ұсынар екен деп елеңдеп отыр.  Су тасқынына Қызылқоға және Жылыой аудандары бейім.  Мұндағы жағдай Ақтөбе облысындағы  Мұғалжар тауына түсетін қар көлемімен тікелей байланысты. Сондықтқан  көрші облыстағы шенділерге хат жолдап, жауабын асыға күтіп отыр.

Өңірде жаға бекіту жұмыстары қызу жүріп жатыр.  Қызылқоға  ауданында Ойыл өзенінің 80 шақырым  жағасы бекітіліп, түбі тереңдетілуде. Жұмыстың  65 пайызы біткен. Сағыз ауылында  Ноғайты өзенінің 4,7 шақырым жағасын бекіту жұмыстары да аяқталуға жақын.

ДУМАН ҮМБЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жем  және Құрсай каналдарындағы  95 шақырым түп тереңдету  және  тазалау жұмыстары 100 пайызға орындалды.  Және 65шақырым болатын бөгеттердің  қалпына  келтіру жұмыстары қазіргі уақытта  жұмыстар жүргізілуде, оның 80 пайызы  аяқталды.

Ресей көктемгі  тасқын суды қабылдау үшін  Иреклі  су қоймасының сыйымдылығын босатып жатқаны белгілі.  Бір апта бұрын су жіберу көлемін  секундына  60 текше метрден 90 текше метрге дейін ұлғайтты.  Өйткені  Ирекліде былтыр 1-ақпанда 2,6 млрд текше метр су  болса,  қазір 2,8 млрд текше метр көлемінде.  Яғни кем дегенде, су қоймасынан 200 млн текше метр суды Жайыққа жібереді.

ҒАЛИДОЛЛА ӘЗИДУЛЛИН, ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНДІК СУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл 90 текше метр  жүріп жатқан ешқандай қауіп төндірмейді. Әрине бұл былтырғы, алдыңғы жылдары, ертеректе жіберілген су көлемдеріне қарағанда  бұл көрсеткіш жоғары. Себебі ертеректе  Иркеклі   су қоймасы қысқы кезінде  30 текше метр секундына жіберіп отырды. Ол жақта жағдай қалыпты Ресей тарапында.  Қардың  қалыңдығы нормаға әлі жеткен жоқ,- деді. Яғни бірақ қаңтар айында жақсы қар жауады деген оларда болжам бар.

Мамандар өңірдегі өзендерге келетін су көлемінің болжамын ақпан айында ғана білеміз,- деп отыр.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Күні бүгін Атырау қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі  - 182 см. Ал қауіпті деңгей – 6 метр шамасында. Жайықтың арнасы толу үшін әлі 4 метр су қабылдауға қауқарлы.  Еркін, көрші облыста су тасқына дайындық қалай?

ЕРКІН КАРИН, ТІЛШІ:

Батыс Қазақстан облысындағы 400-дей елдімекеннің тең жарымына жуығы қазір ерекше бақылауға алынды. Қауіп төнгендердің қатарында өзен жайылмасындағы саяжайлар мен шағын ауылдар да бар. Мұнда 30 мыңдай адам тұрады.

Соңғы 20 жылда қарғын судың қай жерге көп келгенін нақтылаған төтеншеліктер қатерлі аймақтарды осылай белгілеген. Енді сол жердегі алдын алу жұмыстары күшейтіледі. Бүгінде 200 мың текше метр қар шығарылып, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілген.

НҰРАЛЫ МУСИЕВ, БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

12 шақырым бөгет салынып, бір су қоймасы жөндеуден өтті. Деркөл, Өлеңті, Қалдығайты және де Қайыңды өзендерінің арналары тазаланды. Сонымен бірге үш автоматтандырылған гидробекет салынды. Қазгидрометтің теңгеріміне тағы да қосымша 10 гидробекет қосылды. Судың деңгейін өлшейтін болады.

Облыстың Тасқала ауданындағы өзендердің айналма учаскелері тереңдетіліп, арнасы тазартылды. Бұл іске 3 миллион теңге бөлініп, ұзындығы 200 метр, биіктігі 2,5 метр болатын қорғаныш бөгеті салынған.  

РАУАН РАХМЕТУЛЛИН, ТАСҚАЛА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұрын дейтін мына жерде порталдың ар жағындағы бөгетте бөгет болмаған. Сол жерден таудан келетін сулардың бәрі осы жерден өтіп, Бірлік ауылына қарай жүретін болған. Қазір біз мына жерден дамба тұрғыздық. Енді су мына жерден өтпейді. Тікелей Деркөл өзеніне құятын болды. Мына жақтағы елді мекендерге, енді мектепке, дүкенге бұрын қауіп төндіретін еді. Қазір енді қауіп төндірмейді деген болжамымыз бар.

ЕРКІН КАРИН, ТІЛШІ:

Ал келер аптада төтеншеліктер "Қазгидромет" мамандарымен бірге өңір өзендеріндегі қардың қалыңдығын өлшеп, 5-ақпанға болжам жасайды. Бір айдан кейін, яғни, 5-наурызда бұл болжам тағы нақтыланады. Осыдан кейін қай өзеннің қауіпті екенін анықтаймыз дейді мамандар.