Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Рәсімге ел Президентінен бөлек 18 мемлекеттің басшылары мен өкілдері қатысты. Мына видеодан Мемлекет басшысы мен Дональд Трамп арасындағы жылы қарым-қатынасты байқауға болады. Қазір әлемде жағдай тұрақсыз. Мұндай күрделі кезеңде бірігіп, алға жылжу үшін ұйым құрып, жұмыс істеу аса маңызды.

РУСЛАН ЖЕЛДІБАЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ – БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.