Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылды: құрамына кімдер кірді?

Конституциялық реформа - ішкі саяси жүйенің теңгерімін орнату және оны күшейту үшін маңызды. Сарапшы Жұлдыз Кәрім осылай дейді. Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оған сот төрағасы Эльвира Әзімова жетекшілік етеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Комиссия құрамында 120-дан аса адам бар. Олар – Ұлттық құрылтай мүшелері, заңгерлер, бизнес өкілдері, депутаттар мен сарапшылар, сондай-ақ, медиа саласының өкілдері мен қоғам қайраткерлері.

ЖҰЛДЫЗ КӘРІМ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Сыртқы саясаттың күн тәртібі күн сайын, сағат сайын өзгеріп отырады. Әрбір реформа, әрбір билік, саяси жүйе бұл заманға сай жұмыс істей керек. Сол бағытта тарту керек. Сондықтан  да қазіргі кезеңде реформаны жургізу заман талабына сай қажеттілік деп атауға болады. Бұл егер сыртқы саяси жүйеден қарастыратын болсақ. Ал ішкі саяси жүйеден бұл бірден-бір билік жүйесінің теңгерімін орнату және оны күшейту мақсаты болып табылады.