Конституциялық реформадан халықтың күтері көп

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2026

Басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді нақтылауға бағытталған бастамалар ел ішінде қызу талқылануда.  Заң үстемдігін күшейтіп, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты ұсыныстардан жұртшылық оң нәтиже күтеді.

БЛИЦ:

- Менің ойымша, реформа, бұл - жаңа Қазақстанды дамыту үшін ең ерекше, маңызды рөл атқаратын жүйелердің бірі.

- Биліктің жаңаша бағытта құрылымына үлкен әсер етеді.

-Біз осы өзгерістер арқылы өсеміз, дамимыз экономика әлеуметтік жағдайымызда барлығын көтеру үшін жасалып жатқан қарарлар мен қаулылар деп ойлаймын.

- Жақсы нәтиже, жаңа бір белестер күтемін. Солай болатынына да сенем. Енді ол бүгін ғана келіп шешіліп жатқан дүние емес. Күні бұрын талқыланып, таразыланып келген нәрсе.