Қазақстандық оқушы ЖИ көмегімен сал ауруына шалдыққандарға көмектесуде

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2026

Елімізде сөйлеу қабілеті бұзылған жандар үшін қарым-қатынас кедергілерін жоятын бірегей цифрлық көмекші пайда болды. Бұл инновациялық әзірлеменің авторы мектеп оқушысы - Үкілі Омарова. Жобаны жүзеге асыруына автордың жеке өмірлік тәжірибесі түрткі болған: атасы инсультке шалдыққаннан кейін оның сөзін жақындары түсіне алмай,  қиналған. Осы жағдайдан соң, 10-сынып оқушысы Сөйле ИАЙ атты жасанды интеллект жүйесін құрастырып шықты. Бүгінгі таңда бұл жүйе еліміздегі 14 медициналық орталықта сынақтан өтіп, логопед мамандар мен дефектологтардың ажырамас көмекшісіне айналып отыр.«Soile ИАЙ» - әлемдік тәжірибеде ерекше қажеттіліктері бар жандардың әлеуметтік ортаға еркін араласуына жол ашатын, болашағы зор инновациялық өнім.

ҮКІЛІМ ОМАРОВА, "SOILE AI" ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қолданба жәй ғана дауыс хабарламасын жіберу жеткілікті, жасанды интеллект санаулы секунд ішінде мәтін нұсқасын және адаптивті аудио нұсқаны ұсынады, кәдімгі дауыс асисстенттерінен ацырмашылығы біз адамның техгологияға бейімделуін талап етпейміз мұнда бәрі керісінше технология адамның дауысына бейімделіп өздігінен үйренеді.