Оралдық оқушылар ертегі кітабын жазды. Бұл - Арлан мен Аслан Айтқалиевтердің тырнақалды туындысы. Ағалы-інілі Арлан мен Аслан қазір 8 класта оқиды. 6 жасында әріп танып, ертегі әлеміне бойлаған егіздер талай қызықты оқиғалармен танысады. Кітапқұмар өрендер осыдан кейін өз қиялындағы кейіпкерлерді оқырмандармен таныстыруды ойлайды. Осы ойдың жетегімен ағайындылар «Гарольд және ЛараБель. Кітаптар патшалығы» атты ертегісін жазып шығыпты. Кітаптың басты кейіпкерлері табиғатты қорғап, достыққа адал болуға және кітап оқуға үндейді. Көркем безендірілген тырнақалды туынды әзірге 500 данамен жарық көріпті. Жас жазушылар енді кітаптың екінші бөлімін жазып, неміс және ағылшын тіліне аударуды жоспарлап отыр.
АРЛАН АЙТҚАЛИЕВ, ОҚУШЫ:
Кітап жазу өте қиын. Біз бұл кітапты бір жарым жыл жаздық. Бұл кітап екі тілде: орысша және қазақша және мұнда сурдо және аудио аударма бар. Бұл кітапта жақсылық туралы, білім туралы, табиғат туралы айтылады.