«Таза бейсенбі» кезекті экологиялық акциясы өтті

Астанада «AMANAT» партиясының "Белес" бастауыш ұйымы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізді. Партия мүшелері мен жергілікті тұрғындар балалар алаңын тазалап, аумақты қоқыстан арылтты. Акцияға жас балалардан бастап, ақсақалдарға дейін белсене қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық бейсенбі күні ғана емес, әр адамның жүрегінде болуы тиіс.

САНИРА ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Таза бейсенбі" бізде келесіде жаңа форматта жалғасын табады. Ол біз оқушылармен пластик, қағаз барлығын өндіру мәселесінде ЭКО сабақ өткізетін боламыз.

Сонымен қатар дәл осындай экологиялық акция Шымкентте де өтті. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған іс-шараға 70-ке жуық адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл жолғы тазалық жұмыстары Қаратау ауданына қарасты Нұрсәт шағынауданында ұйымдастырылды. Айта кетейік, «Таза бейсенбі» акциясы жоба басталғалы бері 90-шы рет өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде 80 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 5 мыңға жуық азамат акцияға атсалысқан.  

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қала тұрғындарының да кейбір ұсыныс тілектерін ескеріп, тазартатын аумақтарды тазартып жатырмыз. Форматтарымызды өзгертіп жатырмыз, яғни кейбір жерде тал егеміз, кейбір жерлерде қар тазалаймыз. Бүгін жапырақ тазалап жатырмыз дегендей. Тек қана біз бұнымен ғана айналыспай, біз қала тұрғындарын және қонақтарын осы қаламызды таза ұстауға шақырамыз.