Студент ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды

фото: pixabay

Оқиға Астана-Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсінде болған. Бортта ер адамның жағдайы нашарлап, есінен танып қалған.

Мәліметке сай, жолаушыға Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев алғашқы медициналық көмек көрсеткен.