Былтыр зейнетақы төлеуге 4 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

фото: pixabay

2025 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 2 856,6 млрд теңге жұмсалды.

«Жыл қорытындысы бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 491 мың. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 549 теңге, базалық зейнетақы – 47 594 теңге», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.