"Ипотека алмау керек"-Ұлттық Банк төрағасы

фото: pixabay

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотека рәсімдеуге асықпауға кеңес береді.

- Жалпы, жеке инвестиция немесе қаржы саласы бойынша Қазақстан азаматтарына кеңес беру өте қиын. Өйткені, Ұлттық банктің төрағасы ретінде кеңес берсем, ол мен үшін орынсыз, дұрыс емес сияқты. Жалпы, қаржыгер, экономист ретінде айтар болсам, жоғары нарықтық мөлшерлемелер мерзімінде несие, ипотека алмай тұра тұру, кішкене кейінге шегере тұру қажет. Инфляция төмендеген сайын базалық мөлшерлеме төмендейді. Сонымен бірге банктің мөлшерлемелері төмендеп, ипотека қолжетімді болады. Сонда ғана болашаққа сеніммен қарап, ипотека алуға болады. Кішкене күту керек, инфляция, мөлшерлеме төмендесін,,-деді Тимур Сүлейменов.