Бас прокуратура «1414» нөмірін алаяқтардан әрең дегенде тартып алды

Бас прокуратура «1414» нөмірін алаяқтардан әрең дегенде тартып алды. Енді олар бұл нөмірден SMS жібере алмайды. Себебі SMS-код жібергісі келетін мемлекеттік органның өкілі өзінің жеке басын FaceID, электронды цифрлы қолтаңба немесе eGov QR арқылы растау керек. Осылайша, Бас прокуратура алаяқтарға тосқауыл қойып отыр. Дегенмен, тұрғындарға әлі де бір реттік кодтарды, карта деректерін ешкімге айтпауды ескертеді. Өйткені мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ондай ақпараттарды сұрамайды.