Негізсіз салынған айыппұлды төлемеуге бола ма?

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2026

Айыппұлды төлемеуге болады. Бірақ негізсіз салынғанын дәлелдеу шарт. Яғни, техникалық қателік немесе деректердің сәйкессіздігін байқасаңыз бірден тиісті органдарға жүгінуіңіз керек. Талаптарын әріптесім Аяулым Изатқызы түсіндіреді.

АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Уф, тағы айыппұл келді. Шаршатты, оны төлейтін ақшам да қалмады... Таныс жағдай ма? Көбіне алдымызға келген құжаттағы соманы бірден төлей саламыз. Бірақ заң жүзінде негізсіз келген айыппұлдан құтылуға болатынын бәрі бірдей біле бермейді.

Айыппұлдың көбі жол ережесіне қатысты рәсімделеді. дегенмен техникалық ақау, деректердің сәйкес келмеуі немесе адами вактор салдарынан қателіктер болып жатады. Егер азамат айыппұлмен келіспесе заң оған шағым түсіруге мүмкіндік береді.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Азаматтар өзіне салынған айыппұлмен келіспеген жағдайда ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық Кодексінің 44-бабына сәйкес өтініш білдіріп, яғни еркін түрде қалаған тілде ойын білдіріп, е-өтініш арқылы немесе Ішкі Істер органдарына келіп жазбаша түрде өтінім қалдыру арқылы келіспеген құқықбұзушылықты суреттей отырып немесе ұйғарымды тіркей отырып қосымша өзінің өтінішін қалдыра алады.

Бастысы уақытты өткізіп алмау керек. Өйткені әкімшілік хаттама рәсімделгеннен кейін шағымдануға белгілі бір мерзім беріледі.

ҚУАТ АУҒАНБЕК, ЗАҢГЕР:

Әкімшілік хаттама толтырылғаннан кейін 10 күн ішінде шағымданса, әкімшілік айыппұл тоқтатылады уақытша. Нақты соттың шешімі шыққанша төлемеу керек. Егер қандай да бір құқық бұзылған болса, инспектордың тарапынан құқықбұзушылық болған болса, бұл айыппұлдың күшін жояды.

Алматылық Алина Ыдырыс дәл осылай өзіне келген негізсіз айыппұлдан құтылған. Ол  кінәсіз екенін дәлелдепті.

АЛИНА ЫДЫРЫС, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім машинамен жүретін адам болғаннан кейін апта сайын штраф төлеп жатамыз. кейде ол шынымен заңбұзушылықболғаннан кейін, кейде бұзбасам да төлейтін кездерім болған. Жалпы осы штраф мәселесі бойыншга е-өтііншгке өтініш жазу керегін білдім. Сөйтіп тіркедім, құзырлы органдардан жауап келді. Маған берген жауаптарында көліктің ноемрі басқа номермен ауысып кетті. Дұрыс көрінбей қалған камерада деп айтқан.

Мамандар көпшілік айыппұлды даулаудың жолын білмегендіктен немесе уақыт жоғалтқысы келмегендіктен оны бірден төлей салатынын айтады. Алайда заң әр азаматқа өз құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Ең бастысы - белгіленген мерзімде әрекет етіп,  дәлел ұсыну.