Президент Ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын Ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды. Әлемдік намыс додасында 40-қа жуық спортшымыз бақ сынайды. Олар 10 түрлі спорт бойынша ел намысын қорғамақ. Құрама мүшелерінің жартысынан көбі жаһандық деңгейдегі бәсекеге алғаш рет бара жатыр. Паралимпиада ойындарына Қазақстан  әзірге 10 лицензия ұтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз көптеген белестен өтті. Түрлі халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Сонымен бірге біз Паралимпиада ойындарында ел абыройын қорғайтын спортшыларымызға зор сенім артамыз. Паралимпиадашылардың ерекше құлшынысы және мықты ерік-жігері көпке үлгі.