Құрылтайда көтерілген қай мәселе сізге ерекше әсер етті?

Ұлттық құрылтайдың маңызы қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты күшейтуінде. Алқалы жиында әлеуметтік әділеттілік, өңірлік даму, білім мен ғылым, мәдениет, ұлттық құндылықтарды сақтау сияқты халықты алаңдатқан мәселелер көтерілді. Бұл – азаматтардың пікірін ескеріп, шешім қабылдауда көпшіліктің көзқарасына сүйенудің нақты көрінісі.

БЛИЦ:

- Ұлттық Құрылтайда Президенттің Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес, оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек деген пікірі ұнады. Бұл мақсатқа жетуі үшін әркім өзінен бастап, жақсы болуға ұмтылуы керек.

- Қазір әлеуметтік желі қатты дамыған заман. Жақсы мен жаманды айыра алмайтын балалар ғаламторда отырады. Президенттің осы мәселені ескеріп, ұрпақ тәрбиесін түзеу туралы сөзі бәрімізге сабақ болуы тиіс.

- Жастарымызды лудоманиялық, телефондарға тәуелділіктен сақтау мәселелерін, құқықтық, тағы да мәдениет қалыптастыру мәселелерін оңды көтерді деп есептейміз.

- Өмір бір жерде тұра бермейді ғой. Өзгерістер болу керек деп ойлаймын. Алдағы уақытта да қандай бар бір өзгерістер енгізу үшін Халық кеңесі жақсы тұстарынан пайдасы тиеді деп ойлаймын.