Қарағанды облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін ретке келтіру және мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтеріне қолдау көрсету қажет. Қарағанды облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» атты жобасы бастау алды. Бүгін бұл тақырып билік пен қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен форум-семинарда кеңінен талқыланды.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді қалай тиімді, ашық әрі тұрғындарға түсінікті етіп басқаруға болады? Бұл -күрделі сұрақ. «AMANAT» партиясының облыстық филиалында «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында өткен форум-семинарда қатысушылар осыған  жауап іздеді.

АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біздің жоба, ең алдымен, байланыс орнатуға арналған көпірге айналуы тиіс. Ол ПИК өкілдері мен МИБ басшыларына кәсіби деңгейін арттыруға, өзекті сұрақтарға жауап алуға көмектеседі. Қазіргі таңда жаңа Салық кодексіне, басқарудың жаңа нысандарына, дауыс беру рәсімдеріне байланысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Президенттің қоғамдық-саяси тірегі болып табылатын „AMANAT“ партиясы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыруда».

Форум қатысушылары МИБ пен ПИК жұмысына қатысты проблемалық мәселелерді көтеріп, тәжірибелерімен бөлісті және қызмет сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын айтты. Абай қаласының тұрғыны, шахтер әрі «Шанырақ 2023» МИБ төрағасы Дәурен Блялов соңғы үш жылда үйдің шатырын және жертөлесін ретке келтіруге қол жеткізгенін айтады. Дегенмен, тұрғын үй шаруашылығын басқаруға қатысты әлі де сұрақтар бар. Ол партиялық жоба аясында құқықтық көмек алуға үмітті.

ДӘУРЕН БЛЯЛОВ, АБАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ «ШАНЫРАҚ 2023» МИБ ТӨРАҒАСЫ:

Менде балкондар мен жабын плиталарына қатысты сұрақтар бар. Бұл МИБ-тің жауапкершілігіне жата ма, әлде тұрғындар өздері жөндеуі керек пе? Құқықтық тұрғыдан көп нәрсені білмеймін. МИБ туралы әркімнің түсінігі әртүрлі. Егер нақты ақпарат болса, мәселелерді шешу жеңілдер еді.

ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Тұрғындар жиналмаған аулалар, шатырдан аққан суға, жұмыс істемейтін лифттерге, пәтер иелері кооперативінің ашық емес шығыстарына, кері байланыстың болмауына шағымданады. Көп жағдайда бұл проблемаларға тұрғындардың өздерінің қатысуының, бақылау мен жауапкершіліктің нақты тетіктерінің жоқ, үйлерді басқарудың тиімсіз, ескірген жүйесі себеп болуда. Сондықтан бұл салада реформа — өмір сүру сапасы мен сенім мәселесі.

Форумға қатысушылар мұндай диалог алаңдары тұрғындардың пікірін тікелей естуге және билік пен халық арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.