Абайдың ілімі мен кісілік кодексі білім беру жүйесіне енгізілді

Абайдың ілімі мен кісілік кодексі білім беру жүйесіне енгізілді. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ұлы ақынның мерейтойына арналған іс-шаралардың қорытындысы талқыланған ғылыми кеңес отырысында айтылды. Жиында Мемлекет басшысының Абай ілімін ұлттық бірегейліктің өзегі ретінде дамыту жөніндегі ұстанымы ерекше аталып, толық адам тәрбиелеудегі маңызы талқыланды. Одан бөлек «Абайтану антологиясы» электронды ресурстардың базасы университеттің меншігі ретінде бекітілді. Кеңес қорытындысымен Абай ілімін білім берудің барлық деңгейінде және қоғамдық кеңістікте кеңінен қолдану жөнінде мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды.

ШЫНАР АҚПАРОВА, ҚР ОҚУ АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы Абайдың толық адам тұжырымдамасын негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік және азаматтық құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.