Былтыр елімізде 236 мыңға жуық оқушыға арналған 162 мектеп салынды. 112 -сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Оның жартысына жуығы ауылдық жерде ашылды. 27 үш ауысымды және 11 апатты мектеп мәселесі шешілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысында екі мектеп, Солтүстік Қазақстанда бір балабақша салынды. Жалпы бұл қор қаражаты есебінен бұған дейін 8 білім беру нысаны қаржыландырылып, оның ішінде 5 мектеп, 2 балабақша және 1 жатақхана пайдалануға берілген.