Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның айтуынша, елде ірі әуежайлармен қатар туристік бағыттарды дамытуға да басымдық беріліп отыр. 2025 жылы:
- Ақтау әуежайында ұшу-қону жолағы мен рульдеу жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді;
- Астана әуежайында ұшу-қону жолағына жөндеу жасалды;
- Балқаш әуежайының терминалын реконструкциялау толық аяқталды.
Ал 2026 жылы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады.
- Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады;
- Атырауда жаңа әуежай терминалының құрылысы басталады;
- Ақтауда перронға күрделі жөндеу жүргізіледі;
- Павлодар әуежайының аэродромы реконструкцияланады;
- Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтары салынады.
Комитет төрағасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі елді мекендерінде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталатынын хабарлады. Сонымен қатар Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Бұл әуежайларда ішкі рейстерді ашу үшін алғашқы жылдары мемлекеттік субсидия қажет болуы мүмкін.