Қатерлі ісікті 7 минутта анықтауға болады. Қазақстандық жас тың жобаны жүзеге асырды. Ол әлемнің 10 елінде қолданысқа енгізілген. Үздік стартап маманы Астанада әскери борышын өтеуде. Енді сарбаз қорғаныс саласын цифрландыруға үлес қоспақ.
Жас маман жасанды интеллект саласындағы ең үздік жобалардың авторы атанып үлгерді. Оның әзірлеген жүйесі қатерлі ісікті жылдам анықтай алады. Бұл әлемде баламасы жоқ, медицинадағы диагностика үдерісін жеделдететін тың шешімдердің бірі. Жоба халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, арнайы марапатқа да ие болған.
ӘЛМҰХАМЕД АМИТОВ, ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ САРБАЗЫ:
KoZ AI компанияларының техникалық директоры болып табыламын. Бизнеске, мемлекетке, денсаулыққа арналған ЖИ жүйелерін әзірлейміз. Ең басты мақсатым, ол осы Қазақстанның тұрақтылығын және де болашаққа дайын болу үшін әскер саласына ЖИ енгізу. Және одан да басқа басты мақсатым Қазақстанды әлемдік технология картасында №1 орынға қою.
Ұлттық қорғаныс университетіндегі әскери ғылыми орталық жыл сайын бар болғаны алты сарбазды қабылдайды.
ҚАНАТ ҚАНЫШ, ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Қатардағы қабілетті жауынгерлерді жинайды. Содан кейін олар бізге келіп, біз оларды зерттейміз, қандай қасиеттері бар деп. Сосын олардың қабілеттеріне қарай, жобалар береміз.
Альмұхамед тек тәжірибе жинақтап қоймай, өзі қатарлас достар да тапқан. Қазір олар бірігіп басқа да тың жобалар әзірлеуде.
ҚУАНЫШБЕК САҒЫНҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ САРБАЗЫ:
Біздің взвод сарбаздары әскери саладағы жобаларға айти шешімдерді енгізу жобаларымен айналысады. Биылғы жыл ЖИ жылы болғандықтан. Көптеген жобаларымызға ЖИ шешімдерін енгізу жобаларымен айналысып жатырмыз.
Ел қорғанысы мен заманауи технологияны ұштастырған жас мамандар еліміздің қауіпсіздігі мен цифрлық болашағына үлкен үлес қосып келеді.