Бұл былтырмен салыстырғанда 64 квотаға артық. Жоба іске асқан 4 жылда өңірде 334 сәби дүниеге келді. Оның отыз екісі егіз.
Мемлекеттен квота алған жұп экоорталықты өзі таңдай алады. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуына қарағанда, арнайы құрылған аймақтық комиссия бірінші кезекте шалғай ауылдан келген әйелдердің өтінішіне басымдық береді.