Биыл камерун ешкілері бізді ерекше қуантты. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде – 2 қаңтарда Наурыз бен Ханайым жұбында сүйкімді қос лақ дүниеге келді,- деп хабарлайды зообақ әкімшілігі.
Кішкентай еркек лаққа – Бим, ал ұрғашысына – Изюминка деген ат қойылған. Қазір олар қысқы жылыжайда орналасқан. Күн жылынған соң лақтар көрсетілім алаңына шығарылады.