Қостанай қаласының Береке шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өрт шықты. Өрт туралы хабарлама жедел қызметтердің пультіне түсіп, оқиға орнына ТЖМ күштері шұғыл түрде жіберілді.
Оқиға орнына келген құтқарушылар дереу барлау жүргізіп, тұрғындарды құтқару жұмыстарына кірісті. Қатты түтін жағдайында үйлесімді әрі кәсіби әрекеттердің нәтижесінде баспалдақ арқылы 6 адам құтқарылып, тағы 28 тұрғын ғимараттан эвакуацияланды.
Оқиға орнында ТЖМ-нің вахталық автобусының көмегімен жылыту пункті ұйымдастырылды.
Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда, өрт-техникалық сараптама тағайындалды.