Павлодар қаласының Жанаауыл ауылында орналасқан ЖШС аумағында бензовоз өртенді. Салдарынан 1969 жылғы қызметкер зардап шекті.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт цистернаға бензин құю кезінде шыққан.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖД бөлімшелері, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді.
Оқиғаның мән-жайы мен шығу себептері анықталуда.