Танымал футболшы Виктор Мозес Қызылорданың «Қайсар» футбол клубына ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
35 жастағы нигериялық вингер келісімшартқа қол қою үшін Қызылордаға келді
«Қайсар» футбол клубы Instagram-парақшасына видео жариялады. Жаңа ойыншыны әуежайдан күтіп алған. Жанкүйерлер алдында қызылордалық «Қайсар» командасының футболшысы ретінде таныстыру рәсімі өтті.