Жол жабылды

Фото: pixabay

«ҚазАвтоЖол» ақпаратынша, ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:

Солтүстік Қазақстан облысы:

— «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 341 — 473, 492 — 522 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін, Мамлютка айналма жолынан РФ шекарасына дейін).

— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 729 — 856 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595 — 946 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін).

— «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолының 50 — 280 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан РФ шекарасына дейін).

— «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 61 — 196 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін).

— «Қостанай — Мамлютка» автожолының 226 — 406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Мамлютка қаласына дейін).

— «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы» автожолының 11 — 73 шақырым аралығы (Петропавл қаласынан РФ шекарасына дейін).

— «Петерфельд — Архангельское — Новокаменка — Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 0 — 31 шақырым аралығы (Петерфельд ауылынан Новокаменка ауылына дейін).

— «Булаево — Возвышенка — Молодогвардейское — Кирово — Қиялы — Рощинское» автожолының 0 — 228 шақырым аралығы (Булаево қаласынан Рощинское ауылына дейін).

— «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 0 — 87 шақырым аралығы (Рощинское ауылынан Волошинка ауылына дейін).

— «Волошинка — Сергеевка — Тимирязево» автожолының 0 — 119 шақырым аралығы (Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейін).

— «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс жол» автожолының 0 — 24 шақырым аралығы.

— «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0 — 32 шақырым аралығы (Тимирязево ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

— «РФ шекарасы — Петропавл» автожолының 0 — 120 шақырым аралығы (РФ шекарасынан Петропавл қаласына дейін).

Қостанай облысы:

— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 555 — 729 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейін).

— «Мамлютка — Қостанай» автожолының 180 — 403 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін).

— «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8 — 232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 418 — 539 шақырым аралығы (Қостанай қаласынан Қарабалық кентіне дейін). Жолды 2026 жылғы 25 қаңтар сағат 10:00–де ашу жоспарланған. 

Ақмола облысы

24 қаңтар сағат 21:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:

— «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304 — 341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін).

— «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолының 2 — 50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін).

— «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0 — 61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін).

— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856 — 917 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін).

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377 — 595 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

— «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 232 — 260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін).

Жолды 2026 жылғы 25 қаңтар сағат 10:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.