Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: pixabay

2026 жылғы 25 қаңтар сағат 02:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан  Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.