Астанада бүгін 3 экспресс автобус іске қосылады

Фото: Inbusiness.kz

Елордада 25 қаңтардан бастап жаңа № 506, 507, 508 экспресс-бағдарлары жолға шығады, деп хабарлайды CTS компаниясының баспасөз қызметі.

№ 506 — І. Жансүгірұлы көшесі — «Family village» тұрғын үй кешені;
№ 507 «Нұрлы жол» теміржол вокзалы — «Жағалау-4» тұрғын үй кешені;
№ 508 «Нұрлы жол» теміржол вокзалы — «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы».

Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды.