Жамбыл облысында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

Фото: pixabay

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында, Ә.Бүркітбаев ауылы маңындағы «Тараз–Сарысу» автожолында екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жетті. Құтқарушылардың көмегімен автокөліктердің бірі қардан шығарылып, жүргізуші жолын жалғастырды. Ал екінші көліктегі адамдар эвакуацияланып, Жаңатас қаласына жеткізілді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ тұрғындарды аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми ақпарат көздерін бақылап отыруға шақырады.