Кездесудің үшінші кезеңі тағы да Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді. Бұл туралы Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді.
Үш жақты келіссөздің екінші кезеңі бір күн бұрын Абу-Дабиде аяқталған болатын. Тараптар Киев пен Мәскеу арасында бейбітшілік келісіміне қол жеткізу, оның ішінде аумақтық және қауіпсіздік кепілдіктері мәселелерін талқылады.