“Ферн” дауылы: АҚШ жарықсыз қалды

Фото: DW

АҚШ-та соңғы 100 жылдағы ең күшті дауылдардың бірі – «Ферн»салдарынан 13 000-нан астам әуе рейсі тоқтатылды.139 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды.

Оңтүстік Каролина, Вирджиния, Теннесси, Джорджия, Солтүстік Каролина, Мэриленд, Арканзас, Кентукки, Луизиана, Миссисипи, Индиана, Батыс Вирджиния штаттарында федералды төтенше жағдай режимі енгізілді. 

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, дауыл кем дегенде 17 штат пен Колумбия округінде аса қиын ауа райы жағдайларын туғызды. 12 штатта дауыл салдарын жеңу үшін Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылды.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі оны «шектеусіз әрі ұзаққа созылатын қысқы дауыл» деп атаған. Метеорологтардың болжамынша, дауыл оңтүстік-шығыс штаттарда мұздануды күшейтіп, салдары жойқын апатқа дейін жетуі мүмкін. Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани қалада 20-23 см қар жауады және суық ауа райы қаңтар айының соңына дейін сақталады деп хабарлаған.

Болжам бойынша, дауылдың салдары АҚШ-тағы 220 миллионнан астам тұрғынға әсер етуі мүмкін.