Түркістан облысында «KHAN TAU» брендімен капсулалы үйлер шығарылуда.
«Мұндай ғимараттарды туристік кешендер мен глэмпингтер, модульдік кеңселер мен мобильді үйлер, көрме павильондары, дала зертханалары, қонақүйлерге пайдалануға болады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығаруға жетеді», - делінген хабарламада.