60-тан астам адам қаза тапты

Фото: © AFP 2024 / WAKIL KOHSAR

Ауғанстанда үш күнде қалың қар мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты. 

Табиғи апатпен күрес басқармасы ақпаратынша, қайғылы оқиғалар елдің орталық және солтүстігіндегі провинцияларда тіркелген.
Сондай-ақ 100-ден астам адам жарақат алып, 500-ге жуық үй бұзылды. Ауғанстанның басты жолдарының бірі – Саланг автомагистралі жабылды.