Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2026

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. «Ақтөбе – Орынбор» автожолының Қурайлы ауылы маңында үш автокөлік соқтығысқан. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, «Honda Odyssey» автокөлігінің жүргізушісі  қарсы жолаққа шығып кетіп,  «Hyundai Solaris» көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін «Honda Odyssey» автокөлігі бағытын өзгертіп, тағы бір қарсы беттегі ВАЗ автокөлігіне соғылған. Төрт адам қаза тапқан, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Олар жансақтау бөлімінде жатыр,  жағдайы тұрақты ауыр. Полиция қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші қамауға алынды.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.