БҚО-да өртенген үйден үш адамның денесі табылды

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында өртенген үйден үш адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Құтқарушылардың дерегінше, бұл үйде жалғыз адам тұрған. Қалған екеуінің кім екені белгісіз. Қазір полиция осы оқиға ізімен қылмыстық іс қозғады.

ДАМИР САЛИХОВ, БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

90 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен жойылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті жоюға Департаменттің жеке құрамынан 14 адам және 3 техника жұмылдырылды.